Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Әлеуметтік желіде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қол астындағыларды сөгіп жатқан кезінің аудиожазбасы тарап кетті. Президент жоғары шенді қызметкерлерге "төтенше жағдай" жариялаған («фавкулодда вазият»).
Аудиожазбада ол алдағы екі жылда шенеуніктердің барлығы 24 сағаттан жұмыс істейтінін, өзі рұқсат бермейінше ешкім үйіне қайтпайтынын айтқан. Сонымен бірге, президент мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын қадағалау үшін аймақтарда арнайы бөлімдер жұмыс істейді деген.
«Біз неліктен "Халықпен диалог жылын" жарияладық деп оладыңдар? Бәрі баяғыдай болады деп ойласаңдар қателесесіңдер? Не сендер шындап жұмысқа кірісесіңдер, не орындарыңды босатасыңдар. Барлығың да жемқорлыққабелшеден батқансыңдар. Бізде кадрлардың жетіспейтіні сендердің бақтарың болып тұр. Ал бұл біздің сорымыз. Бірақ екі жылдан кейін біз жаңа мамандарды дайындаймыз. Жас әрі жаңа кадрлар келеді", - дейді президент.
Ол қателескендерді қалай жазалайтынын, егер орнына маман табылмаса, шенеуніктерді қалай жұмыстан шығаратынын айтқан жоқ. Және жаңа әрі жас мамандардың да қайдан шығатынына тоқталмады.
Ферғанаға берген "Көпшіліктің президенттің айтқандарына көңілдері толмайды. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істеу мүмкін емес қой. Егер бұл жәй ғана қызыл сөз болса, онда ол кімге бағытталған. Мирзиеев өзінің бұрынғы әріптестерін өзіне қарсы қойып отыр. Немесе ол елдегі экономикалық ахуалды тек осындай қоқаң-лоқы, байбаламмен шеше аламын деп ойлайды ма?", - дейді Өзбекстан министрлігінің есімін жария еткісі келмеген бір қызметкері.
Дереккөз: Ферғана ақпарат агенттігі
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024