Өзбекстан қазақстандық KEGOC алдындағы қарызының жартысын қайтарды. Бұл туралы KEGOC басқармасының басшысы Бақытжан Қажиев мәлімдеді.
"Өзбекстан жағы бізге қарыз болғандығы рас. 2011 жылдың соңынан бастап өзбекстандық энергожүйесі бізден кезектен тыс электроэнергия сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Осы мерзім аралығында оларға 140 млн доллар жіберілді. Әзірге аталған қаржының 70 млн-ы қайтарылды", - деп атап өтті Қажиев.
"Шамамен 68-69 млн доллар қалды. Бұл қарыздарға байланысты халықаралық арбитражды сотқа шағым түсірілді, біз оны жеңдік. Қазір қарыздарды төлеу процесі жүріп жатыр", - деп атап өтті компания басшысы.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024