Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Өзбекстан Қазақстан мен Ресейден жыл сайын 5 млн тонна мұнай сатып алғысы келеді. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Интерфакс–Қазақстан.
«Өзбекстан жылына 5 млн тоннаға дейін мұнай сатып алғысы келіп отыр, оның ішінде Қазақстаннан 2 млн тонна және Ресейден 3 млн тоннаға дейін сатып алмақ» – деді Қанат Бозымбаев мәжілістің пленарлық отырысында.
Сонымен қатар министр 5 млн тоннаны тек Қазақстан жеткізуі мүмкін екенін айтты.
«Өзбекстан сұранысына сәйкес Ресей Федерациясы Өзбекстанға жылына 1 млн тоннаға дейін мұнай жеткізуді қарастыруда. Бұл жағдайда Қазақстан транзиттік тарап ретінде қарастырылуда. 2017 жылы Қазақстан арқылы 68 мың тонна, 2018 жылы 36 мың тоннаға жуық мұнайдың сынамалы жеткізуі іске асырылған болатын», – деді министр.
2017 жылы «Өзбекмұнайгаз» Қазақстан және Ресеймен екі елдік мұнайын Омбы – Павлодар – Шымкент жүйесі бойынша Өзбекстанға жеткізу туралы келіскен болатын. Шикізаттың қосымша көлемі Өзбекстанның Жизақ облысындағы салынып жатқан мұнай өңдеу зауыты үшін қажет. Зауыт 2022-2023 жылдары салынып бітеді деп жоспарланып отыр.
Өзбекстан жаңа мұнай өңдеу зауытын шикізатпен қамту үшін мұнай құбырын Қазақстанмен арадағы шекараға дейін салуды жоспарлап отыр.
Мұнай құбырының ұзындығы – 95 шақырым. Ол Ресей мен Қазақстаннан импорттық мұнайды жеткізу үшін қазіргі жұмыс істеп тұрған Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбырына жалғанатын болады.
Бүгінде Қазақстан Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбырының түпкілікті нүктесінен теміржол арқылы Өзбекстанға мұнай тасымалдай алады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024