2015 жылдың тамыз айындағы ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімнің 16 пайызын құрайды. Бұл туралы russian.people.com.cn сайтында жазылған.
Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның сыртқы қарызы туралы вице-премьер Рустам Азимов мәлімдеген. Ал countrymeters.info статистика агенттігінің 2016 жылдың 3 қыркүйегіндегі есебі бойынша Өзбекстанның ЖІӨ 96 млрд 336 млн доллардан асады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің үлесі - 3 166 мың доллар.
Сондай-ақ, мемлекеттік осы жылғы мемлекеттік қарызы шамамен 863 млн 434 мың доллар. Жан басына шаққандағы мемлекеттік қарызы 420 доллар шамасында
Жергілікті сарапшылардың сөзінше, Өзбекстанның қарызы әлемдегі ең төменгі көрсеткіш. Мысалы Ресейдің cыртқы қарызы - 18,8%, Қазақстандікі - 17,2%, Грузия - 44,2%, Армения - 52,8%-ды құрайды.