Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға 1 сәуірге дейін аударуға болады

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға 1 сәуірге дейін аударуға болады

БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделудің ақысын төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалануға құқылы, деп хабарлайды 7kun.kz.

Салымшының зейнетақы жинақтары келесі жағдайларда ИПБ басқаруына берілуі мүмкін:

- салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспаған мөлшерде;

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі күшіне енеді. Бұған дейін Президент Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен 2021 жылға есептелген ТЖШ қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.

Осылайша, 2022 жылға арналған ТЖШ 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енетіндіктен, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға 2021 жылға есептелген ТЖШ шамаларына сәйкес өтініштер бойынша 2022 жылғы 31 наурызды қоса алғанда аударуға болады.

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы берілуі мүмкін немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне салымшы өзі келуі тиіс.

БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруға аударады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады.

ИПБ инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға жатпайды (тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емдеу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және ИПБ аударған кезде бұл қаражатқа жеке табыс салығы салынбайды.

Зейнетақы активтері ИПБ сенімгерлік басқаруға алғаш берілгеннен кейін салымшы:

- БЖЗҚ-ға жылына бір реттен жиі емес өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беруге өтініш беруге;

- ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банкке сенімгерлік басқаруға қайтару туралы (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруға алғаш берілгеннен кейін екі жылдан ерте емес) өтінішті БЖЗҚ-ға беруге құқылы.

Оның ішінде салымшы зейнет жасына жеткенше күнтізбелік 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

Похожие материалы