Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беру туралы тапсырмасына қатысты журналистердің сұрағына түсініктеме берді.
«Президенттің тапсырмасы бар. Үкімет бұл мәселені пысықтайды», - деді вице-премьер.
Сонымен қатар, ол үкімет барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, Ұлттық банкпен зейнетақы жинақтарын зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін пайдалануға қатысты ұсыныстарды пысықтап, енгізетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ол Үкімет барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, Ұлттық банкпен зейнетақы жинақтарын зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін пайдалануға қатысты ұсыныстарды пысықтап, енгізетінін атап өтті.
«Қазір біз жұмыс істеп жатырмыз, есептеп шығару керек, содан кейін біз өз ұсыныстарымызды енгіземіз. Бұл зейнетақы жинақтарының мөлшеріне және зейнеткердің жасына байланысты. Өмірінің соңына дейін оның зейнетақы жинақтары жеткілікті ме», - деп қосты спикер.
Естеріңізге сала кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауын жария ете отырып, Үкіметке ағымдағы жылдың соңына дейін зейнетақы жинақтарын зейнеткерлікке шыққанға дейін пайдалану мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.
«Қазір жұмыс істейтін адамға зейнетақы жинақтарын тек зейнеткерлікке шыққаннан кейін ғана пайдалануға болады, бірақ адамдардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануға деген ниеті түсінікті, сондықтан Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді ол 2 қыркүйекте.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024