Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылы екі миллион қазақстандық 20 пайызға өскен зейнетақы алған. Ал келесі жылдан бастап, 460 мың мүгедек үшін жәрдемақы 16%-ға өседі. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.
Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілер, сотталып келгендер, белгілі бір тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды жұмыспен қамтып, қажеттілігінше кәсіпке үйрететін жұмыс жүргізілетін болады деп хабарлайды. Халықты әлеуметтік қорғау жағдайы мен Үкіметтің әлеуметтік саладағы жоспарлары туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Министрлік 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіруде белсенді жұмыс атқарып жатыр.
"2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 мың 466 теңгені, ең төменгі зейнетақы 31 мың 245 теңгені құрап, бүгінде базалық зейнетақы алушылар саны 2 млн 116 мың 609 адамды, ынтымақты зейнетақыны алушылар қатары 2 млн 99 мың 638 адамды межеледі. Қазіргі уақытта зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан зейнетақы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1988 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжанды", - деді вице-министр.
Яғни, 1998 жылға дейінгі 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға немесе 1998 жылдан кейінгі өтілін ескере отырып, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 12 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мың теңгені иемденетін болады. Егер жұмыскердің өзінің 1998 жылдан аударатын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы, жұмыс берушілердің 2014 жылдан жасайтын жарнасы және ерікті зейнетақы аударымдарының сомасы зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті болса (ер адамдарға – 7 млн 98 мың 35 теңге, әйелдерге – 9 млн 890 мың 35 теңге), онда ол азамат зейнетке 50 жасында шыға алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегіне қарағанда, мұндай құқықты зиянды еңбек жағдайындағы 640 адам пайдаланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024