Астана. 14 қаңтар. 7kun.kz - Егер тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілсе, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін оқуға, емделуге немесе ипотека алуға жұмсай алады. «Қазір бұл мәселе (зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу - агенттік) талқыланып жатыр. Бұл туралы inform.kz жазды.
Ұлттық банк төрағасы да бұл мәселе туралы айтқан, яғни бұл әлемдік тәжірибе болғандықтан, талқылап жатырмыз. Егер бұл заңмен бекітілсе, зейнетақы қорының бір бөлігі ең керекті дүниелерге, емделуге, білім алуға немесе ипотека алуға беріледі. Қазіргі таңда азаматтарға ең қажетті осы үш бағыт алынып отыр», - деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева.
Оның айтуынша, бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін зейнетақымен қамту туралы заңға өзгерістер енгізу керек, алайда қазір бұл мәселе тек талқыланып жатыр. Сондай-ақ, Н.Наурызбаева БЖЗҚ жанынан қоғамдық кеңес құрылатындығын айтты, ол кеңеске журналистер, сарапшылар, зейнетақы салымын салып отырған адамдар мен зейнеткерлер мүше болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024