Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылғы 1 ақпандағы ақпарат бойынша, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,71 трлн теңгені құраған.
2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 миллионға, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,58 миллионға жеткен. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 421,25 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,99 мың бірлікті құраған.
2017 жылғы қаңтарда түсімдердің жалпы сомасы 61,2 млрд теңге болған. 2017 жылдың басынан бастап салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 10,79 млрд теңгеге жеткен. 2017 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 43,14 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2,09 млрд теңге болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024