2016 жылдың басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы (БЖЗҚ) 101,02 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс алынды. Қор салымшыларының зейнетақы активтері бойынша жылдық табыстылығы (2015 жылғы ақпан – 2016 жылғы ақпан) 16,7% болады. Бұл туралы қордың баспасөз орталығынан хабарланды.
Сондай-ақ, БЖЗҚ жыл басынан бері 46,81 млрд. теңге сомасына зейнетақы төлемдері мен аударымдары жасалды, бұл сомаға 2,61 млрд теңге мөлшерінде сақтандыру ұйымына жасалған аударымдар кіреді.
"2016 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шарттардың жалпы саны - 10,1 млн, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны шамамен 9,7 млн болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 393 986 бірлік болды. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны бұрынғыдай шамамен 40 мың адамнан аспайды", - делінген баспасөз хабарламасында.
2016 жылғы 1 наурызда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,98 трлн. теңге болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024