Зейнетақы активтерін басқаратын компаниялар оны сақтау және қамтамасыз ету бойынша мемлекетпен келісім-шарт жасайтын болады. Бұл міндеттің орындалуын мемлекет бақылауға алады, деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездесу барысында.
Президент ҚР Ұлттық банкі қарамағындағы банктер қаржылық дағдарыстан зиян шеккенен соң және банкирлердің ақшаны акционерлерге несие ретінде бере бастағаннан кейін зейнетақы активтерін жинақтау жұмысына кіріскенін айтты. Алайда әлемдік тәжірибеге сәйкес, қазақстандықтардың зейетақы жинақтары жеке компаниялрдың басқаруына өтеді.
«Ұлттық банк - бұл мемлекет. Қазігі кезде банкке берілген тапсырмалар көп. Бұған қоса қаржы орталығы бар. Осыған байланысты мемлекет пен жеке компаниялар арасында зейнетақы активтері бойынша келісім-шарт болады. Олар зейнетақы қорын көбейтуге және оны сақтауға міндеттеледі. Бұны мемлекет бақылауға алады. Мемлекеттік тапсырмасы - халықтың сұранысын қамтамасыз ету және оны сақтау», — деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ол зейнетақы қоры "кез келген кәсіпкерлік үшін несие" ретінде пайдаланылмайтынын атап өтті.
Фото: www.aktobegazeti.kz