
Баку. 2 тамыз. 7kun.kz - Әзірбайжан орталық банкі есептік мөлшерлемесін 15 пайыздық деңгейінде сақтап қалды. Мұндай шешім Орталық банк басқармасы отырысында қабылданды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ ӘОБ басқармасы пайыздық дәліздің төменгі шегін 10 пайыздық, жоғарғы шегін 18 пайыздық деңгейде қалдыруды шешті. Банк бұл шешімді валюта нарығы мен манат бағамын тұрақты сақтауға мүмкіндік беретін сыртқы сауда теңгерімінің жақсаруымен түсіндірді.
«2017 жылдың бірінші жартысында экспорт 2016 жылдың қаңтар-маусымындағы көрсеткішпен салыстырғанда 36,5 пайызға өскен. Дәл осы кезеңде мұнай экспорты 27,9 пайызға өсіп, импорт 15,7 пайызға кеміген. Қаңтар-маусым айларындағы сыртқы сауда теңгерімінің профициті 1,9 миллиард долларды құрады», - делінген хабарламада.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025