Нұр-Сұлтан. 8 тамыз. 7kun.kz – ҚР Үкіметі «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі7
Айта кетейік, бұған дейін «Зерде» холдингін жабу арқылы жылына шамамен 3 млрд теңге үнемдеуге болатындығы айтылған болатын.
Сондай-ақ 2016-2021 жылдарының ішінде холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жетті.