Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - SumOfUs адам құқықтары тобының зерттеушісі Horizon World VR платформасындағы аватарын белгісіз біреулердің зорлап кеткенін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz. Бұл туралы Business Insider басылымы жазды.
Зерттеуші платформадағы онлайн ойында адамдардың мінез-құлқын тексерумен айналысқан. Ол ойынға қосылғаннан кейін метағаламдағы сауық кешіне шақыру алған. Кеш барысында бірнеше пайдаланушы аватарлардың бір-біріне 1,2 метрден аз қашықтықта жақындауына жол бермейтін қауіпсіздік параметрін өшіруді сұраған.
Бұдан кейін екі ер адамның аватары оны метағаламда жеке бөлмеге қарай апарған. Онда пайдаланушылар бір-біріне виртуалды алкоголь бөтелкесін беріп, тұрпайы пікірлер айта бастаған. SumOfUs қызметкерінің айтуынша, осыдан кейін пайдаланушылардың бірі оның аватарын зорлаған, ал екіншісі не болып жатқанын шетте бақылап тұрыпты.
Horizon World-де Oculus VR көзілдірігі арқылы ойнаған зерттеуші болған оқиғаны жазып алып, зерттеу қорытындысына қосқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024