Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың басынан бастап қазақстандық 956 кәсіпорынның қызметкерлері жалақыларын ала алмай жүр. Жұмыс берушілер қарызының жалпы сомасы 2 млрд теңге. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомстваның мәліметінше, банкротқа ұшыраған және қазіргі уақытау оңалту шаралары жүргізіліп жатқан 92 кәсіпорынның 4080 қызметкері алдындағы қарызы 1 млрд теңгені құрады.
"Аталған ұйымдар басшылығына 128 млн теңге көлемінде 588 айыппұл салынды. Сонымен қатар, бұйрық бойынша 816 міндет орындалуы тиіс", - деп атап өтті министрлікте.
Одан бөлек, бұл компаниялардың жетекшілері әкімшілік жаңапкершілікке тартылды. 12 кәсіпорынға сот шешімі шығып, екеуі әлі тергеу үстінде.
Министрліктің ақпаратынша, 12,9 мың жұмысшының құқығы қорғалып, 1,6 млрд теңге көлемінде қарыздары өтелді.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024