Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысы уран өндіруде республика бойынша көш бастап тұр. 2016 жылдың өзінде өңірде 19 мың тонна уран өндірілсе, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 4,5 млн. тонна мұнай өңдеген. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Жансейіт Түймебаев қатысқан мәжілісте өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, энергоресурстармен қамтамасыз ету, электр энергиясы мен табиғи газ тарифтері мәселелері қаралды.
Мәжілісте министр облыстың маңызды минералды-шикізаттық әлеуеті мол екенін атап өтіп, алдағы жоспарларға тоқталды.
«Оңтүстік Қазақстан облысы уран өндіру көлемі бойынша көшбасшы. Облыста 8 уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді. Былтырғы жылы республика бойынша жалпы 24,6 мың тонна уран, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында шамамен 19 мың тонна уран өндірілді. Қазақстандағы негізг өнеркәсіптер мұнай өңдеу зауыттары. Оның ішінде, Шымкент мұнай өңдеу зауыты өңір экономикасына өз үлесін қосып жатыр», - деді министр.
Айта кетейік, былтырғы жылы республикада жалпы 14,5 млн. тонна мұнай өңделді. Оның ішінде Шымкент зауыты 4,5 млн. тонна мұнай өңдеген.
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша электр қуатына жалпы қажеттілік орташа есеппен сағатына 400 МВт құрайды. Оның 30 пайызы ішкі көздер есебінен алынса, 70 пайыздан астам бөлігі еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалданады. Оңтүстік Қазақстан облысында заңды тұлғаларға арналған электр энергиясының тарифтері еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда ең жоғары деңгейде. Бұл өз кезегінде облыста өндірілген тауарлардың өзіндік құнының жоғары болуына, бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне, халықты жұмыспен қамтуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын төмендеуіне әкеліп отыр», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024