Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жүзден астам атыраулық президент сайлауын тәуелсіз бақылайды

Жүзден астам атыраулық президент сайлауын тәуелсіз бақылайды

Атырау. 11 қараша. 7kun.kz - Кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауында атыраулық жүзден астам тәуелсіз бақылаушы саяси науқанның ашық та әділ өтуіне ат салысады. Бұл туралы бүгін «Атырау-Ақпараттың» баспасөз клубында  мұнайлы аймақтың белсенді, ерікті жастары және қоғам белсенділерімен кездескен «HAQ» қоғамдық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Аталған қор 20 қараша күні өтетін  кезектен тыс Президент сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізетін бірден бір ұйым. Қор белсенділері мұндай жауапты жүкті биыл төртінші рет арқалап тұр. Тоғжан Қожалының айтуынша, мыңнан астам байқаушы еліміздің 8 қаласындағы сайлау учаскесінде саяси доданы бақылайды.

«Тәуелсіз бақылау -  демократиялық қоғам құру үшін керек.  Сайлауға тәуелсіз байқаушылар көптеп  қатысса, саяси науқан әділ өтеді. Ол үшін әр сайлау учаскесінде 2 байқаушы болу керек.  Ел бойынша 12 мыңнан астам сайлау учаскесі бар, сондықтан 20 мыңнан астам байқаушыны жұмылдыруымыз керек, - дейді Тоғжан Қожалы.
  
Ал, «Золотое время» ҚҚ атынан жиынға қатысқан Айгүл Уәлиеваның айтуынша, 18 бен 30 жас аралығындағы жүзден астам атыраулық сайлауда тәуелсіз байқаушы болуға ниет білдірген. Олардың 70-тен астамы Атырау қаласының тұрғындары. Тәуелсіз байқаушылар үшін арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылған.

 
«Біздің тағы бір мақсатымыз - болашақ жастарға сайлаудың маңызын түсіндіріп, саяси білімді болуға шақыру. Байқасаңыздар, жастар қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқанымен сайлау күнң өз таңдауын жасауға, яғни дауыс беруге бармайды. Керісінше 45-50 жастан жоғары аға-апаларымыз белсенділік танытады. Олар сайлаудың маңызын бұрыннан санасына жақсы сіңірген. Осыны жастарға жеткізгіміз келеді», деді Айгүл Уәлива.   
 
 
 
 

Похожие материалы