Еуропа орталық банкінің (ЕОБ) басшысы Марио Драги сейсенбі күні Майндағы Франкфурт қаласында бағасы 20 евролық жаңа ақша белгісін таныстырды. Шығарылым ескі ақша белгілерін бірте-бірте жаңа купюраларға ауыстыру бағдарламасының аясында өтуде деп хабарлайды Deutsche Welle.
Қазіргі уақытта бағасы 5 және 10 евро ақша белгілері айналымда жүр, олар сәйкесінше 2013 жылдың мамырында және 2014 жылдың қыркүйегінде шығарыла бастаған.
Жаңа банкнотта грекиялық мифологиядан алынған Еуропа суреті бейнеленген, ал қиғашынан қарағанда голограммалардың бірі кемпірқосақ түстерімен ойнайды.
Ескі банкноттардың әрекет ету мерзімі шектелмеген, олар айналымнан кезең-кезеңмен алынатын болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024