Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - Samsung Galaxy S8, LG G6 және Xiaomi Mi Mix жаңа өнімдерін ұсынғаннан кейін Apple жаңа iPhone дизайнын жасауды қолға алды. IPhone 8 осы жылдың күзінде жарыққа шығады.
Жаңартылған нұсқада жақтаусыз үлкен экран болады. Iphone тұтынушылары техникалық мүмкіндіктері қаншалықты жоғары болса да, телефондардың экраны тым үлкен етіп шығарыла бастағаны үшін Apple-ді біраз сынға алды.
[caption id="" align="alignnone" width="952"] Фото: http://techno.bigmir.net[/caption]Тәуелсіз дизайнерлер ұялы телефонды барынша маңызды әрі қажетті функцияламен қамтамасыз етуге тырысып жатыр.
DBS Designing-нің YouTube каналында дизайнерлер смартфонның сегізінші версиясының мүмкін болатын нұсқасын ұсынды.
Онда телефон корпусы жіңішке металлды, экраны 5,5 дюймді жақтаусыз және QHD форматындағы OLED дисплейі көрсетілген. Фронтальды панелінде 3D-камераға арналған орын ғана бар. Ал артында екі камераға арналған 24 мегапиксельді екі камера орналасқан. Ал стереодинамикалары смартфонның екі жағында тұрады.
Гаджеттің батареясының көлемі - 400 мАч болады. Сымсыз қуаттау технологиясымен қамтылған.