Қазақстандықтар осы жылдан бастап заң жобаларына енгізілген жаңа ережелермен өмір сүреді. Қандай салаларда өзгеріс болатыны туралы толығырақ түсіндіреміз.
Білім саласы
2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу форматы өзгереді. ҰБТ екі кезеңмен өтетін болады: қорытынды аттестация және ЖОО түсу емтиханы. Бұдан бұрын білім және ғылым министрлігінде 2017 жылы мектеп түлектері емтихандарды қалай тапсыратыны туралы толық түсіндіріп берген.
Бұдан бөлек, 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім және ғылым министрлігі «дайындық сыныбын» пилоттық режимде жүзеге асырмақ. Сонымен қатар, келер жылдан бастап мектептерде оқушыларды автомобиль жүргізу және алғашқы медициналық көмек көрсету пәндерін оқытатын болады.
Тұрғын үйді жалға алу
"Пәтерді жалға алып, тіркеусіз тұрып жатқандарға да, жалға берушіге де әкімшілік жауапкершілік тағайындалды"
22 желтоқсанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу үшін Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Заңға сәйкес тұрғын үйін жалға беретін меншік иелері, онда тұрып жатқан адамдарды тіркетуге міндетті. Мұны орындамаған жағдайда пәтерді жалға алып, тіркеусіз тұрып жатқандарға да, жалға берушіге де әкімшілік жауапкершілік тағайындалды.
Біраз уақыт бұрын ІІМ тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуде тұру ережелерін түсіндірген болатын. Бұл құжат Ақтөбе мен Алматыда болған терактілерге қарсы жауап ретінде қолданылып отыр.
Виза
Жаңа жылдан бастап, 45 елдің азаматы, оның ішінде Экономикалық даму мен ынтымақтастық ұйымы елдері және Біріккен Араб Әмірлігі мен Малайзия, Сингапур, Монако княздігінің тұрғындары Қазақстанға визасыз кіруге мүмкіндік алды
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар мен еліміздегі өзге мемлекеттің азаматтары үшін визаны және шақыртуларды рәсімдеудегі жаңа талаптар күшіне енді.
Мысалы, жаңа жылдан бастап, 45 елдің азаматтары, оның ішінде Экономикалық даму мен ынтымақтастық ұйымы елдері және Біріккен Араб Әмірлігі мен Малайзия, Сингапур, Монако княздігінің тұрғындары Қазақстанға визасыз кіруге мүмкіндік алды.
Мұнда қалу мерзімі шекарадан өткен сәттен бастап 30 күнді құрайды. Жоғарыда аталған елдерден бөлек 19 мемлекеттің азаматтары екіжақты келісім нәтижесі бойынша виза талаптарынан босатылады. Осыған дейін инвестиция және даму министрлігі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтары Қазақстанға визасыз келуіне рұқсат етілген мемлекеттер тізімін жариялаған болатын.
Депозиттер
2017 жылдың қаңтарынан бастап теңгедегі депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі төмендейді. Осылайша, жеке тұлғалар ашқан ұлттық валютадағы депозиттерге ең жоғары мөлшерлеме 14 пайыз болса, шетелдік валютадағы жинақтарға 2 пайыздық жылдық сыйақы мөлшерлемесі ұсынылады. Қабылданған шешімге сай біршама банктер депозиттің сыйақы мөлшерлемесін төмендетті, ал енді біразы бұл істі жақын арада қолға алады.
Салық кодексі
Өзгерістер Салық кодексін де айналып өтпейді. 2017 жылдан бастап, жер мен мүлік салығын бір жылға кешіктіріп төлеуге болады.
Еңбек нарығы
2017 жылы шетелден білікті жұмыс күшін тарту жеңілдетіледі. Енді шетелдік мамандар үш айдың ішінде өз күшімен мамандығына сай жұмысқа тұруға мүмкіндігі бар.
Тағы қандай өзгеріс болады?
" ...баға бақылауын 2017 жылдан бастап алып тастап, үкімет асығыстық танытып отыр, отандық компаниялар оған әлі дайын емес"
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕЭО аясында теңдей бәсекелестік орнату үшін бірнеше салаларда бағаны бақылау жойылады. Бұл туралы сарапшылар баға бақылауын 2017 жылдан бастап алып тастап, үкімет асығыстық танытып отыр, отандық компаниялар оған әлі дайын емес деген пікірде. Олардың сөзінше, азық-түлік бағасы күрт жоғарылап кетуі мүмкін.
2017 жылы Қазақстан мұнай өндірісін күніне 20 мың баррелге дейін төмендетуге міндетті. ОПЕК-ке мүше елдер 32,5 млн баррель деңгейінде мұнайдың орташа тәуліктік өндірісін шектеу туралы келіскен еді.
Осы жылдан бастап ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балалар туралы мәліметтер банкі пилоттық режимде жұмыс жасай бастайды. Қазір базада 10 жасқа жетпеген 1326 баланың анкетасы тіркелген.
Сонымен қатар, апатты және төтенше жағдайларда жедел қоңырау соғуға болатын байланыс оператор іске қосылып, пилоттық режимде жұмыс істейді. Іске қосылғанға дейін, борт терминалындағы мәліметтерді жолдау функциясын ел аумағын толық қамтыған байланыс операторларының бірі орындайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024