ҚР Ұлттық Банкі айырбастау пунктеріндегі қолма-қол шетел валютасына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Айырбастау пунктерінде және екінші деңгейлі банктерде қолма-қол долларды сатуға немесе шығарып алуға шектеу қоюға қатысты сауалдардың көптеп түсуіне байланысты Ұлттық Банк Қазақстан Республикасында шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізу туралы қаулы немесе басқа да заңға тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлайды», – делінген Ұлттық Банк хабарламасында.
ҰБ хабарлауынша, қолма-қол шетел валютасын шығару кезінде туындаған қиындықтар, ең алдымен, халық тарапынан сұраныстың өсуімен байланысты туындап отыр.
Сондай-ақ оған әлемдегі геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық кедергілер де әсер етуде.
«Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банк АҚШ-тың орталық банкі - Федералдық резервтік жүйеден қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу амалдарын қарастырып жатыр. Сондай-ақ, бізде қолма-қол ақшаны көлік компанияларымен өз уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз» – делінген хабарламада.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024