Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Швейцарияның Давос қаласында 22 қаңтарда 48-Бүкіләлемдік экономикалық форумының ашылу салтанатына арналған кеш өтті. Ал форум 23-26 қаңтар аралығында болады, деп хабарлайды euronews.com.
Ал «Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, 70-ке жуық елдердің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ жетекші халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары қатысатын шарада экономика, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау салаларына қатысты өзекті мәселелері талқыланады.
Айта кетелік, форумға АҚШ президенті Дональд Трамп, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Италия премьер-министрі Паоло Джентилони, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Әзербайжан президенті Илхам Әлиев және тағы басқалар қатысады.
Ірі халықаралық шараға байланысты Швейцарияға БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш, ДСҰ басшысы Роберто Азеведо, ХВҚ директоры Кристин Лагард Давосқа келеді.
Әлемге танымал компаниялардан: Google, Microsoft, Facebook, UPS, Maersk, Engie, Renault, Airbus, Total, Bayer, Deutsche Bank, Monsato, Henkel, Siemens, Volkswagen, Tata, Hitachi, Mitsubishi, ING, Alibaba, Huawei, Gazprom, Saudi Aramco, Novartis, Nestle, Barclays, HSBC, JP Morgan, Citi, IBM, Morgan Stanley, Nike, Pepsi, Pfizer, Procter & Gamble, Qualcomm, Soros, Carlyl, Coca-Cola, Goldman Sachs және Uber ve Walmart басшылары қатысады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024