Порнографияны өндіру және сату кез келген сала сияқты талай жылдардан бері экономиканың бір бөлігі болып келеді. Біреуге анайы көрініс болғанымен, біреулер үшін қып-қызыл бизнес, әрі табысты бизнес.
Қарапайым мысал: ағылшын тілінде әлгі сөзді Google-ге жазсаңыз – 1 900 000 000 нәтиже шығады. Сондықтан порнография – кейбір елдерде бюджетті толықтырудың тамаша тәсілі. Америкалық порноның 90 пайызы Калифорнияда түсіріледі және бұл АҚШ-тағы барлық салық түсімінің 8 пайызын құрайды. Чехияда - 5%. Ал кейбір неміс елдерінде бұл көрсеткіш 20 пайызға жетеді. Көп елдерде порнобизнеске тыйым салынғанымен, көлеңкелі түрде-ақ тарап, талайға табыс түсіріп тұр. АҚШ-та бұл сала Лос-Анджелес пен Нью-Гэмпширде ғана заңдастырылған. Бұл индустрияның ауқымы қандай?
Бұған сұраныстың жоғары екені әсіресе интернетте айқын байқалады. Деректерді қарасақ интернеттегі жүктеулердің 35 пайызы және желідегі трафиктің 30 пайызы порномен байланысты. Күн сайын ерлердің үштен бір бөлігі (Cosmopolitan дерегі) порно көреді. Ұлыбританияда бұған қатысты ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарынан және Интернет-дүкендерден де танымал. Статистика бойынша әр секунд сайын порно материалдарға (видео, ақылы каналдарға жазылу, веб-чат, фотосуреттер және т.б.) 3-4 мың долларға дейін қаржы жұмсалады. Әсіресе АҚШ-та әр 39 минут сайын жаңа порно видео түсіріледі. Бұл саланың жаһандық айналымы шамамен 97 млрд $ құрайды. Тек Америка Құрама Штаттарының өзінде бұл индустрия – ҰБА, ҰФЛ, Google, Amazon және басқа да көптеген алып бизнестерден де жоғары түсім береді деген деректер бар. АҚШ әлемдегі ең ірі порно өндіруші болып табылса да, алғашқы орын – азиялықтарда. Ересектерге арналған фильм өндіруден бірінші орында - Қытай, одан кейін Оңтүстік Корея, алғашқы үштікті Жапония аяқтайды, ал АҚШ-қа төртінші орын тиесілі.
Сонымен, актрисаның танымалдығына, оған деген сұраныстың төмен я жоғарылығына және студияның мүмкіндіктеріне байланысты бір сценаға 800-1000 доллар төленеді. Ал, танымал жұлдыздар 1500-2000 доллар талап етуге құқылы екен. Ер актерлердің табысы 500-600 доллардан 1500 долларға дейін болады. Кадр сыртындағылар да құр алақан емес, олардың табысына келсек, режиссер 1000-3000 долларға дейін алады, оператордікі 500-700 доллар болса, дыбыс режиссері 300-400, сценарист 250-400, гример мен фотограф 500 доллар табыс табады. Ал, ресейлік порноактер мен порноактрисалардың табысы қарапайым, олардың ақысы – күніне 100 доллар. Сондықтан көрші елдегі осы бағыттағы әртістер Америка асып, Лос-Анджелесте көріністерге түсуге тырысатын көрінеді. Eurobabeindex сайтының есептеулеріне сәйкес, Ресейден келген актрисалар – саны бойынша (991) екінші орында тұр. Бірінші орында чех қыздары, олардың саны – 993. Белсенді венгрліктер үшінші орында (868 әйел).
Порнографияның әлемнің әр еліндегі құқықтық статусы
[caption id="attachment_90276" align="aligncenter" width="940"] Фото: upload.wikimedia.org[/caption] жасыл - Порнография заңды сары - Порнография заңды, бірқатар шектеулермен қызыл - Порнографияға тыйым салынған сұр - Мәліметтер жоқ• Ресейде – тыйым салынған. Порнографиялық материалдар мен бұйымдарды заңсыз дайындау, тарату, жарнамалау – мұндай материалдар мен заттардың «заңды» таратылуының әдістерінің жоқтығына байланысты порнографияны іс жүзінде өндіру және таратуға толық тыйым салынған. Сонымен қатар эротикалық өнімдердің еркін сатылатын құқықтық секторы бар. 2010 жылы Мәдениет министрлігі тіпті ресми лицензияланған эротикалық фильмдердің тізімін жариялады. Тізімге 2000-ға жуық картина кірген.
• Бразилияда – рұқсат етілген. 18 жасқа толмаған азаматтарға эротикалық материалдар сатуға тыйым салынған.
• Израиль – тыйым салған.
• Иран – тыйым салған.
• Украина – тыйым салған. Порнографияны насихаттайтын материалдарды тарату, порнографиялық материалдарды жарнамалау, тауар айналысына және оны көрсетуге, жалға беруге, өндіруге тыйым салынған. Украинаға импорттау және сақтау, таратуға рұқсат жоқ.
• Мексикада – рұқсат етілген.
• Жаңа Зеландияда – рұқсат етілген. 18 жасқа толмаған азаматтарға эротикалық материалдар сатуға тыйым салынған.
• Испанияда – тыйым салынбаған. 18 жасқа толмаған азаматтарға эротикалық материалдар сатуға тыйым салынған.
• Шри-Ланкада – тыйым салынған.
• Түркияда – рұқсат етілген.
Порно фильмнің көрерменге әсері қандай?
Порнографияның экономикалық көрсеткіштері жоғары болғанымен, оның адамның физиологиясына кері әсер бар. Төменде осы туралы нақты, түсінікті әрі қарапайым тілде жазып көрсеттік.
Бізді әрекет етуге не талпындырады? Неліктен таңертең оянасыз? Неліктен біз тамақтанамыз және өмірлік серіктес іздейміз? Жауап - дофамин. Дофамин - сыйақы гормоны. Пайдалы бір нәрсе жасасаңыз - одан жағымды әсер аласыз. Қиын жағдайға тап болған жақыныңызға көмектестіңіз - өзіңізге риза боласыз. Бизнес бастасаңыз - қайтадан дофамин пайда болады және одан әрі әрекет етуге ниеттенесіз. Бірақ организмде дофаминнің шамадан тыс дозасын өндіретін ерекше функциясы бар. Ол көбейту деп аталады. Биологиялық өмір сүру тұрғысынан алғанда біз көбеюіміз керек, сондықтан бұл процесс ең керемет рахат әкелетін етіп жаратылған. Ол бізге эволюция үшін берілген сый. Бірақ, порно роликтер қолжетімді болғалы жоспар бұзылды. Қазір 11 жастағы бала күніне қаншама жалаңаш әйелді көру мүмкіндігіне ие болды. Оның миы мұның шынайы не басқа екенін ажырата алмайды, тек ахілеп-үхілеген көптеген жұпты көру арқылы дофаминнің сұмдық дозасын бөліп шығарады. Ләззаттың қарқынды болғаны соншалық, оның қасында ешқандай рақатты салыстыруға келмейді. Сондықтан адам кітап оқып, бизнес жүргізіп әсіресе дамығысы келмейді. Не үшін? Ол бір, екі батырманы басса болды, ата-бабасы жылдар бойы күресіп жеткен нәрсе - көз алдында тұр емес пе? Нәтижесінде дофаминдік рецепторлар сезімталдығын жоғалтып, адам ұзақ уақыт бойы іс-әрекет жасауға ұмтылысын жоғалтады. Өмірден ләззат алудың жалғыз жолы - браузерді қайтадан ашу. Осылайша бірдеңе істеу ниеті сөнеді. Өмір сүрудің мотивациясы жоғалады.
Тіпті қарама-қарсы жыныс өкілі қызықтырмайтын болады. Бізден өмірдің барлық рақатын тек экраннан алатын, ештеңеге мұқтаж емес өсімдік өне бастайды. Әзірге бәрі жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Экспонент бойынша белсенді жасөспірімдердің саны төмендейді, жігіттер қыздардан қорқады, ал қыздар жігіттерге айналады. Белсенді позиция - қазіргі заманғы таңдау емес. Біздің ұранымыз - «Бізге бәрібір!». Бірақ бұл әлі соңы емес. Ғалымдар 25 жасқа дейін миымыздың иілімді екенін дәлелдеді. Яғни, ол көптеген нейрондық байланыстарды түзеді және жояды. Осы кезеңде біз тез үйренеміз. Бұның порноға қандай қатысы бар? Бұрын жігіттер сыныптағы Мөлдірді армандады, енді олар экрандағы хардкор нәрсені көреді. Жылдан жылға олар миын шынайы емес стандарттарға үйретеді. Олар экранда болып жатқан нәрселерге бой үйретеді. Мидың префронтальды қыртысы физикалық түрде деформацияланып, артықшылықтарды, бейімдікті және ұмтылысын өзгертеді. Бір күні олар шынайы серіктесімен кездескенде, ешқандай реакция болмайды: олардың алдында экран жоқ! Жігіттерде либидо (мед.) төмендейді. Бүгінде әрбір төртінші адам либидо төмен болғанынан зардап шегеді, ал 30 пайызы әдетте эректильді дисфункцияға ие. Бұл көрсеткіш 2008 жылдан бастап 1000 пайызға өсті. Көптеген жастар балалы бола алмайды, олардың миы нақты жыныстық ынталандыруды жүзеге асырмайды. Ғалымдар бұған порноны кінәлайды. Қауіпті әдеттен арылу оңайға соқпас. Бірқатар зерттеушілердің айтуынша, бұның механизмдері героин, кокаин немесе никотинді тұтынумен бірдей жұмыс істейді. Дофамин жүйесінің бұзылуына байланысты стресс гормондарының деңгейі артады. Басқаша айтқанда, порноны тұрақты көретін адамдар шын мәнінде елітпе депрессияда жүреді.
Айтпақшы, мынаны ескере жүріңіз!
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңына сәйкес, порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi. Порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерді көрсету заңда белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады. Порнографияны насихаттап, үгіттейтін хабарлар мен материалдарды таратқаны үшін, олардың алынған көздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылықта болады. WhatsApp секілді мессенджер арқылы балалар порносын алушылар, таратушылар осындай материалдарды сақтауғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталуы мүмкін.
Айдана Абдрахманова
Дереккөз: Stefan Molyneux «Your brain on porn», www.nofar.com, versia.ru , «Простые мысли» басылымы және т.б.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024