Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жалақысы өсіп, бонус алса адал қызметкер көбейеді - сарапшы

Жалақысы өсіп, бонус алса адал қызметкер көбейеді - сарапшы

2019 жылы мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметшінің еңбекақысы жаңа жүйемен есептеледі. Тұрақты жалақысынан бөлек, жыл аяғында жеке жұмыс жоспарындағы көрсеткіштеріне байланысты бонус төленеді. 

Сыйақы мөлшері айына 100 мың теңгеге дейін, ал орташа жалақы мөлшері 300 мың теңгеге дейін жетуі ықтимал. Ал, елдегі үздік мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы екі есе артады. Мұны қазақстандық сарапшылар дұрыс бастама деп отыр.

«Бұл өте тиімді жоба»,- дейді экономист Мақсат Халық - Өйткені бұл эконмикасы дамыған АҚШ, Сингапур, Жаңа Зеландия, Франция, Германия, сондай-ақ БҰҰ, Дүниежүзілік банк және Азия даму банкінде сынақтан өтіп, тиімділігі дәлелденген. Бұған дейін еліміздің жеке және квазимемлекеттік сектордағы компаниялар пайдаланады. Мұның нәтижесінде қызметкердің мотивациясы, компанияға сенімділігі артады. Қызметіне сенімі болады.

Сарапшы сөзінің жаны бар. Биыл бұл жүйе  кейбір өңір мен мемлекеттік мекемелерде тәжірибе түрінде енгізілген.  Жүргізілген тәжірибе нәтижесінде мемлекеттік органдардағы жұмыс тиімділігі екі есе өсіп, бос орындарға арналған конкурс үш есе артып,  жұмыс орнынан қызметкерлердің кетуі екі есе азайған.

"Жаңа төлем жүйесін енгізудің тағы бір пайдалы аспектісі - аймақтардағы және орталықтағы лауазымды тұлғалардың жалақыларындағы сәйкессіздіктерді азайтуға мүмкіндік туды. Бұл аспекті бойынша, тәжірибе жүргізу барысында жалақы айырмасы 70% -дан 10% -ға дейін төмендеген",-дейді сарапшы.

Бонусқа қол жеткізу жұмыстың сипаты мен күрделілігіне де байланысты. Аспиранттар бонусқа ие болу үшін төрт баға негізінде бағаланады: «өте жақсы», «тиімді», «қанағаттанарлық» және «тиімсіз». Бонустар тек жақсы және нәтижелі жұмыс жасағандарға берілетінің ес ұстаған жөн.

Сонымен қатар жалпы бонустың мөлшері 100 мың теңгеге жетеді. Мысалы, бір мұғалімнің жалақысы 158 мың теңге болса, жаңа жүйе бойынша мемлекеттік қызметкер 258 мың теңгеге дейін жалақы алуға мүмкіндігі бар. Тек, еңбек етсе болғаны.  Егер мемлекеттік мекеменің қызметкері екі жыл қатарынан «табысты болмаса», ол мемлекеттік қызметтен босатылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру жобасы басталды.  Сондай-ақ, 2018 жылдың басында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Әділет министрлігінде, Маңғыстау облысы мен Астана қаласының әкімдіктерінде пилоттық жобалар іске қосылған болатын.

Похожие материалы