Тараз. 8 желтоқсан. 7kun.kz - Жамбыл облысына «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 17 жобаға 8 млрд 53,8 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ахаев Мақсат Кеңесханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды облыстың өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мақсат Кеңесханұлының сөзіне сүйенсек, жалпы қала бюджетінде құрылыс жұмыстарына 10 миллиард 967 миллион, оның ішінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы 8 миллиард 053,8 миллион теңге қарастырылған. Экономиканы ынталандыру аясында бөлінген қаржы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға өз ықпалын тигізуде.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қалада 2016 жылға 17 жоба бойынша «тұрғын үй шаруашылық, су-жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға» 8 млрд 053,8 млн теңге бөлінді:
- жалпы ұзындығы 221,9 км тұрғын үйлерге инженерлік жүйелерді жүргізуге 6423,2 млн теңге бөлініп, 6043,5 млн теңге игерілді (94,4%).
- 2016 жылға білім нысандарының құрылысы үшін 1629,7 млн теңге бөлінсе, 1580,1 мың теңгесі (97%) игерілді.
2016 жылғы 1 желтоқсанға барлығы 7624,0 млн теңге игерілді (95 %). Пайдалануғамжалпы сомасы 2659,0 млн теңгені құрайтын 4 нысан берілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024