Жамбыл облысында 200 МВт энергия өндіретін су, жел, күн электр станциялары салынады
Тараз. 11 қаңтар. 7kun.kz - Жамбыл облысында алдағы 3 жылда 200 МВт энергия өндіретін су, жел, күн электр станциялары салынады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Жуалы ауданында қуаттылығы 100 МВт-тық жел электр станциясы, Шу ауданында 110 МВт-тық жел электр станциясы, Т.Рысқұлов ауданында 24 МВт-тық күн электр станциясы, сонымен бірге 18 МВт-тық Меркі ауданында гидро-электр станциясының жобалары жасалуда.
Өңірде қазіргі уақытта жаңартылмалы энергия көздерінің (шағын су, күн және жел электростанциялары) қуаттылығы 78 МВт құрайтын 8 нысаны тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 15,1 МВт-тық төрт гидро-электр станциясы, 12,5 МВт-тық екі жел электр станциясы, сонымен қатар Елбасының қатысуымен өткен жылдың 2 шілдесінде телекөпір барысында ірі жобаның бірі - жылдық қуаттылығы 50 МВт, құны 23,2 млрд.тенге "Burnoye Solar-1" күн электр станциясы іске қосылды. Сондай-ақ, осы кешеннен тағы 50 МВт энергия өндіретін күн электр станциясының жобасы қолға алынуда.
Жоба 3 компания - «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, Ұлыбританияның «United GreenEnergyLimited» және «Тараз» ӘКК» Ұлттық компанияларының қатысуымен жүзеге асуда.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру облыс электр энергиясына деген сұраныстың 40-50%-ын жабуға мүмкіндік береді.
Фото: ortcom.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024