Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың соңына дейін индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 8 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды облыс облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, 8 жобаның жалпы құны 16,9 млрд теңге. Жобалардың іске қосылуының нәтижесінде 947 жаңа жұмыс орыны ашылмақ.
Гүлдана Жауынбекованың мәліметінше, өткен жарты жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 265,0 млрд теңгені құрап, 8,4%-ға өсті.
Сондай-ақ, өнеркәсіп саласындағы оң динамикаға индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар өз үлесін қосуда. Ағымдағы жылдың 6 айында бұл кәсіпорындар 13 млрд теңгенің өнімін өндірді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024