Тараз. 18 сәуір. 7kun.kz - Жамбыл облысында алтын және күміс өндірісінің көлемі артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабайұлы мәлімдеді.
Өнеркәсіп саласы бойынша жалпы өнім көлемі 6223,8 млн теңге болып, 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 102,6%-ды құрады. (2015 жылдың 3 айы 6067,1 млн теңге). «Ақбақай филиалы» 2016 жылдың 3 айында 3391,7 млн теңгеге 403 кг алтын, 95 кг күміс өндірді. Өнім көлемі 1055,7 млн теңгеге артқан. (2015 жылдың 3 айында 2336,0 млн. теңгеге 284 кг алтын, 70 кг күміс өндірген).
«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС 2016 жылдың 3 айында 1682,2 млн теңгеге 143,0 мың тонна цемент (77,2 мың тонна клинкер) өндірді. (2015 жылы 2336,0 млн теңге, 160,6 мың тонна цемент өндірген). Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырсақ өнім көлемі 89,1 пайызға құрап, 205,6 млн теңгенің өнімі кем өндірілді.
«Хантау цемент» зауыты 2016 жылдың 3 айында 727,8 млн теңгеге 63,3 мың тонна цемент (6,9 мың тонна клинкер) өндірді. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 59,7 мың тоннаға артқан.
«Эврика-барит» ЖШС 2016 жылдың 3 айында 264,4 млн теңгеге 23,9 мың тонна барит концентраты өндірді. (2015 жылы 502,4 млн теңге, 264,4 мың тонна барит концентратын өндірген). Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырсақ өндірілген өнім көлемі 52,6 % құрап, 238,0 млн теңгенің өнімі кем өндірілген. «Коптас» ЖШС биылғы жылдың 3 айында 5,3 млн теңгеге, 630,8 тонна гранит өнімін өндірді. (2015 жылы 7,2 млн теңге, 720,9 тонна гранит өндірген)»,- деп атап өтті спикер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024