Жамбыл облысы. 4 қараша. 7kun.kz – Т.Рысқұлов ауданының 57 жастағы тұрғыны белгісіз біреу банк қосымшасы арқылы оның атына 750 мың теңге көлемінде несие рәсімдені туралы полицияға арызданған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Несие 26 қазанда рәсімделген кезде әйел адамның бұл туралы мүлдем хабары болмаған.
Несие туралы тек банк қызметкері хабарласып төленбегенін айтқан кезде ғана білген.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар 23 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Күдікті кінәсін толық мойындады. Ол жәбірленушінің келiнi болып шықты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024