Экономика
2015 жылы Жамбыл облысындағы кәсіпкерлерге 7,2 млрд теңге қаржы бөлінді
Жамбыл облысында осы жылы «Бизнестiң жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 7,2 млрд теңге сомаға кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілді, деп мәлімдеді оңтүстік өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев ОКҚ брифингінде.
«Бизнестің жол картасы 2020» бойынша ағымдағы жылы жалпы 7,2 млрд теңге сомаға 155 кәсіпкердің жобасына қолдау көрсетілді», - деді К.Көкірекбаев.
Әкімнің мәліметінше, бүгін облыста 75 мың шағын және орта бизнес субъектілері бар, экономикалық белсенді халықтың 23% аталған салада жұмыспен қамтылған, 119 млрд теңгеге өнім шығарылды.
Сонымен қатар, қажетті инфрақұрылымды салу бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Осылайша, Тараз қаласы халықаралық әуежайының ұшу жолдарының және ұзындығы 495 км болатын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі бөлігінің құрылысы аяқталды.
«Осы жолдың бойында халықаралық деңгейдегі жол бойындағы қызмет көрсету кешендерінің құрылысы бойынша 8 жоба жүзеге асырылады, олар 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған, бір жоба толығымен аяқталды», - деп мәлімдеді К.Көкірекбаев.
Фото:ortcom.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024