Экономика
Жамбыл облысында өзара келіспеушіліктерін қару арқылы шешпекші болған 8 адам ұсталды
Жамбыл облысы. 15 қыркүйек. 7kun.kz – 12 қыркүйекте 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін қару арқылы анықтамақшы болған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ерегіс орнына дереу полицейлер жетіп, жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығыс тараптары ұсталынды. Тінту нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қару тәркіленді. Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екендігі анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен (Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар реті тағайындалды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024