Жамбыл облысы. 1 қараша. 7kun.kz – Теміржол өткелінде пойыз көлікті мыжып өтті. Салдарынан алты адам қаза болды. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
«Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеуде.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024