Жамбыл облысы. 21 тамыз. 7kun.kz – Жамбыл облысында шекара қызметінің сарбазы қайтыс болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
18 жастағы Бекбол Мираш – Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тумасы.
Оқиға туралы қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан хабарлады. 18 жастағы Бекбол әскерге 2022 жылдың көктемінде шақырылған.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бекболдың өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Бекбол Мираштың туыстары мен жақындарының айтуынша, ол өзіне қол жұмсайтындай адам емес.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке Маңғыстау облысынан шақырылған 18 жастағы сарбаз Әлібек Қалбай төрт күннен кейін қайтыс болды.
Ал өткен аптада Атырау облысындағы Шекара қызметінің әскери қызметшісі Нұрбек Ерғалиев қаза болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024