Жамбыл облысы. 16 қараша. 7kun.kz – Жалған құжат дайындаумен айналысқан ХҚКО мен оның сыбайласы ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер көлік құралын тіркеудің жалған куәліктерін (техникалық паспорттарды) дайындағаны үшін Шу ауданының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері және оның сыбайласы – осы мекеменің бұрынғы қызметкері ұстады.
«Әйел делдал ретінде әрекет еткен. 150 мың теңге көлеміндегі заңсыз ақшалай сыйақы үшін сыбайласымен бірге құжаттарды бұрмалау жолымен жалған техникалық паспорттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан», – делінген хабарламада.
Тінту барысында күдіктінің атына 8 пластикалық банкомат карточкасы, 41 дайын жалған техникалық паспорт, техника және одан әрі жалған құжаттарды дайындау үшін дайындалған 500 дана пластикалық карточка табылды және тәркіленді.
Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Істің басқа да жағдайлары анықталуда.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері Лаура Жанабаева бұл оқиғаны растамады. Оның айтуынша, ұсталған азаматтар Ахметова И. және Қанатбай М. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері емес.
«Мән-жайды анықтау барысында Қанатбай М.- ның жеке кәсіпкерлікпен айналысатыны, жеке тұлғаның аумағында кеңсе тауарларын, фотокөшірмелерді және фотосуреттерді басып шығаруды сату бойынша қызмет көрсететіні анықталды», - делінген мемлекеттік корпорация хабарламасында.
Қазіргі уақытта Шу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының барлық қызметкерлері әдеттегідей жұмыс істеп жатыр, олардың бұл оқиғаға еш қатысы жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024