Тараз. 26 сәуір. 7kun.kz - 2016 жылғы 1 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Жамбыл облысында «Өрлеу» жобасының аясында жалпы сомасы 19,6 млн теңгені (оның 14,6 млн теңгесі республикалық бюджеттен, 5 млн теңгесі - жергілікті бюджеттен) құрайтын шартты ақшалай көмек (ШАК) 437 отбасына (2 мың 411 адам) тағайындалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ШАК алушылардың ішінде 63,2%-ы 18 жасқа дейінгі балаларды (1 мың 526 адам), 20,7% - жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды (501 адам), балалар күтімімен айналыстан адамдар - 12%-ды (291 адам), жалдамалы жұмысшылар – 1,1%-ды (28 адам), күндізгі оқу бөлімінде оқитындар - 1,7%-ды (43 адам), мүгедектер - 0,7%-ды (17 адам), зейнеткерлер - 0,2%-ды (5 адам) құрап отыр.
"Жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 501 адам қамтылды. Бұл жұмысқа жарамды қатысушылардың 94,7%-ын құрайды. Оның ішінде 207 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы атанды. 50 азамат түрақты жұмыспен қамтылып, 242 адам қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталса, 2 азамат жастар практикасынан өтуде", - делінген хабарламада.
Ведоомстводан мәлім болғандай, 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмекті енгізуге негізделген «Өрлеу» республикалық пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Ол шартсыз атаулы әлеуметтік көмектен «өзара міндеттемелер» қағидасына (әлеуметтік келісім-шарт жүйесіне) көшуді қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осы тәріздес аймақтық пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен қосымша 38 аудан мен қалаларда жүзеге асырылып келеді.
2016 жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді.
Қазақстанда 2016 жылғы 1 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 19,7 мың адамды құрап отыр, мемлекеттік жәрдемақы алушы балалар саны – 443,2 мың.