Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты Алматыда қазақстандық жас автор Амании Жанның «Даниялдың ғажайып әлемі» және «Алуан түсті балықтар және Дария» атты ертегілері желісінде ұйымдастырылған кеш өтті. Бұл туралы 7kun.kz тілшісі хабарлайды.
Балалар күніне арналған кеш барысында Жан Амании өзінің мақсаттарымен бөлісті. Оның айтуынша, алдағы уақытта балаларға арналған екі кітапты шығару жоспарланып отыр. Шығарылатын кітаптардың ерекшелігі ертегілер 6 тілге аударылмақ.
"Алдағы уақытта тағы екі кітапты шығару жоспарда бар. Олардың ерекшелігі ертегілер қазақ, орыс, ағылшын, француз, өзбек және араб тілдеріне аударылады", - деді ол.
Жан Амании балалардың таным-түсінігіне арналған әдеби кітаптардың аз екенін атап өтті. Сондықтан басында кітап шығаруды бизнес ретінде бастаған ол енді жазылатын ертегілер санын көбейтіп, балалар әдебиетін барынша дамытқысы келетінін айтады.
"Ата-аналардың көпшілігі жазылған ертегілердің қызықты екенін айтып, "тағы басқа ертегілер бар ма" деп сұрайды. Яғни олар балаларына ертегіні көп оқып бергілері келеді. Сондықтан ертегі кітаптардың көп болғанын қалайды. Ата-аналардың осындай құлшынысы мені ертегі жазуға ынталандырады. Балаларға арналған әдеби кітаптар көп болғанын қалаймын", - деді жазушы.
Сондай-ақ, «Colibri» МОЛЛ» бутигі, «Мама, почитай» кітап дүкендерінің желісі, Халықаралық «Almaland» мектебімен бірігіп ұйымдастырылған кеш барысында балаларға ертегі оқылып, балақайлар сурет салып, өздерінің шығармашылығын танытты. Барлық кеш қонақтарына Жан Аманиидың ертегі кітаптары ұсынылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024