Жобаларды іске асыруға гранттар мөлшері 2 есеге ұлғайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар мөлшері 200-ден 400 АЕК-ке, яғни 1,2 млн теңгеге дейін 2 есе ұлғайды», – деді Ержан Біржанов.
Ведомство өкілі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын қайта форматтау бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
«Биыл ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 700 мың адам тартылатын болады. Оның ішінде 36 мың адам кәсіптік оқытумен қамту жоспарлануда, 50 мың адам кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдем көрсетеді, 97,6 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылады», – деді Ержан Біржанов.
2022 жылдың екі айында Ұлттық жобаға қатысушылар құрамына 115,6 мың адам енгізілді. Оның ішінде: 31,6 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 36,4 мыңы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 8 мыңы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 3,3 мыңы жастар практикасына жіберілді, 326 адам "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары аясында жұмысқа орналастырылды
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024