
Алматы. 7 маусым. 7kun.kz – Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс оқытылады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева мәлімдеді.
"Патриотизм және жаһандық құзыреттер" атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр", – деді Мәдина Тыныбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында.
Оқушыларға арналған жаңа пән 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енеді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025