
Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының демалыс мерзімін белгіледі.
Жаңа бұйрыққа сәйкес, күзгі демалыс – 7 күн, яғни, 2019 жылғы 28 қазаны мен 3 қарашасы аралығына жоспарланған.
Қысқы демалыс – 2019 жылғы 30 желтоқсан мен 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнді қамтымақ.
Ал көктемгі – 2020 жылғы 21 наурыз бен 2 сәуір аралығындағы13 күнге белгіленіп отыр.
1-сынып оқушыларына қосымша демалыс қарастырылған. Ол 2020 жылғы ақпан айының 3-і мен 9-ы аралығына белгіленді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019-2020 жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Оқу жылының ұзақтығы 1-сынып үшін – 33 оқу аптасы. Ал 2-11-сыныптар үшін – 34 оқу аптасы.