Tile pro брелогы
[caption id="attachment_99390" align="aligncenter" width="630"] Фото: lifehacker.ru[/caption]Кілт, банк картасы, телефон сияқты заттарын жиі жоғалтып ала беретін адамдарға таптырмас сыйлық. Ал мұндай жағдайлар екінің бірінің басынан күн сайын өтеді. Сондықтан, Tile pro брелогын сыйласаңыз, кез келген адам қуанып қалады. Судан қорғайтын қабаты бар брелокты жиі жоғалтатын заттарыңызбен бірге ұстасаңыз, оны кез келген жерде кез келген уақытта оңай тауып алуға көмектеседі. Гаджеттің сигналы тіпті шулы теміржол станциясында да, естілмей қалады-ау деген жерлерде де заттарыңызды қадағалауға мүмкіндік береді. Тыныштық сақтау керек болған жағдайда заттарыңызды картаның көмегімен тауып алуға да болады.
Қалта қуаттағышы
[caption id="attachment_99391" align="aligncenter" width="630"] Фото: lifehacker.ru[/caption]Baseus 20 000 мА·ч қалта қуаттағышының көмегімен тек смартфон, сағат, құлаққап пен планшетті ғана емес, тіпті ноутбукті де қуаттауға болады. Quick Charge 3.0 көмегімен және көптеген порттардың болуымен бірнеше қүрылғыны бірден зарядтауға болады.
Apple Watch 4
[caption id="attachment_99393" align="aligncenter" width="630"] Фото: lifehacker.ru[/caption]Күннің суығында сенсорлы телефондарды қолдану қиындайды. Алайда, Apple Watch-тың көмегімен iPhone-ды оңай әрі ыңғайлы басқаруға болады. Apple -дің жаңа ұрпағы теру қабілетіне де ие, кеңейтілген дисплейі бар. Гаджет төмен импульсты анықтайтын жүрек қызметінің сенсорымен жабдықталған және төтенше жағдайларда көмек сұрауға да болады. Әрине, Apple сағатында фитнес функцияларының толық жиынтығы, музыка және iPhone-мен біртұтас интеграция да бар.
Сымсыз құлаққап
[caption id="attachment_99394" align="aligncenter" width="630"] Фото: lifehacker.ru[/caption] Apple AirPods сымсыз құлаққаптарыiPhone иелері үшін тамаша сыйлық болмақ. Қыс мезгілінде құлаққапты қалтадан шығару, оның тоқтарының шатасуы қозғалуға қиындық туғызады. Құлаққаптың артықшылығы - құлаққа салынғанда музыка басталады және оны шығарғанға автоматты түрде кідіреді. AirPods-ты 15 минутта үш сағат жұмыс істейтіндей етіп қуаттап алуға болады. Сонымен қатар Apple AirPods-та сенсорлық қимылдар қолданылады.Электронды кітап
[caption id="attachment_99395" align="aligncenter" width="630"] Фото: lifehacker.ru[/caption]Kindle Paperwhite 2018 электронды кітабы оқуға талабы бар барлық қолданушыларға арналған. Kindle Paperwhite электронды кітабы E-ink жұқа және жеңіл дисплейімен ерекшеленеді. Оның мәтінінің қағазға басып шығарылған кітаптан айырмашылығы жоқ. Жаңа Kindle Paperwhite электронды кітабының артқы жарығы бар және судан қорғалатын қабаьты бар. Гаджеттің көмегімен кітапты оқып қана қоймай, аудиокітаптар тыңдауға да болады.
JBL Charge 4 колонкасы
[caption id="attachment_99398" align="aligncenter" width="630"] Фото: lifehacker.ru[/caption]Магнитофон қолданыстан шығып қалғанымен, ән тыңдауға деген сұраныс азайған жоқ. JBL Charge 4 колонкасы әуенсүйер қауымға және белсенді демалысты ұнататындарға арналған. Су өткізбейтін корпусы және керемет дыбыс сапасы бар қуатты динамикті бір мезгілде екі смартфонға қосуға болады. Сондай-ақ, гаджет басқа құрылғыларды зарядтай алады. Музыканы 20 сағатқа дейін тыңдауға болады.
SanDisk Extreme Portable SSD
[caption id="attachment_99400" align="aligncenter" width="630"] Фото: lifehacker.ru[/caption] Контентпен жұмыс істейтін барлық қолданушыларға арналған SanDisk Extreme Portable SSD гаджетінің салмағы бар болғаны 80 грамм. Гаджет жаңбырдан да, судан да, шаңнан да қорықпайды. Диск кез-келген сапарда сенімді серік бола алады және деректерді өте жоғары жылдамдықпен жазады.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024