Жаңа жылдан бастап патенттеу мен оған салық төлеу электронды түрде болады
Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – 2019 жылы патенттеу мен оған салық төлеу электронды түрде болады.
Сізге уақыт жұмсаудың және банк кассасында жұмыс және демалыс күндері ұзақ кезекте тұрудың қажеті жоқ, электрондық қызметтердің тарифтері екінші деңгейдегі банктерде белгіленгеннен айтарлықтай төмен.
Сондай – ақ, салықтарды онлайн төлеу артықшылықтарына электрондық сервистер арқылы төлеудің ыңғайлы тәсілін таңдау мүмкіндігін жатқызуға болады - бұл екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшасы немесе терминалдары (kaspi.kz, post.kz, homebank.kz және басқалар), портал eGov.kz, салық төлеушінің кабинеті.
Осылайша, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемесін электронды сервистер арқылы оңай, ыңғайлы және тез орындауға шақырады. 2019 жылы патент және ол бойынша салық төлеуді электрондық түрде жүргізуге болады.
Салық кодексіне сәйкес, патент бойынша табысқа салынатын салық және әлеуметтік төлемдер салық төлеушіге патенттің құнын есептеуді ұсынғанға дейін төленеді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемесін уақытылы орындау мақсатында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді.
Патент құнын есептеуді электронды түрде «салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынуға болады.
Сонымен қатар, есептелген салық және әлеуметтік төлемдерді электронды қызметтерді пайдалана отырып онлайн режимінде төлеуге болады, бұл уақыт пен ақшаңызды үнемдейді.
Өздеріңіз білетіндей, елімізде желтоқсан айы мерекелерге толы, күнтізбелік жылдың соңына дейін 10 күнтізбелік күн қалды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024