Санкциялар 50 мың доллар тұратын машиналарға енгізіледі, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жапония үкіметі қымбат көліктер мен басқа да сәнді тауарларды Ресейге экспорттауға тыйым салу туралы мәліметтермен бөлісті. Шектеулер 2022 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Құжаттың мәтініне сүйенсек, шенеуніктер люкс машиналар деп 6 миллион иеннен асатын немесе ағымдағы бағам бойынша шамамен 48.6 мың доллар тұратын барлық көліктерді меңзейді. Яғни, шаралар Lexus және Infiniti модельдік желілеріне міндетті түрде әсер етеді. Айта кетейік, Ресейге Infiniti жеткізуді тоқтату Қазақстанға да әсер етуі мүмкін.
Автокөліктерден басқа, санкциялар мотоциклдерге де қатысты болады. Ресейге экспортталатын екі доңғалақты техниканың баға шегі 600 мың иеннен немесе шамамен 4.9 мың доллардан аспауы қажет.
Осыған ұқсас санкциялар Беларусь Республикасына да қатысты енгізілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024