Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz – Жапония императоры Акихито өз еркімен тақтан кетті. Бұл туралы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді.
Жапонияның 125-императоры Акихито әкесі Хирохито 1989 жылы көз жұмған соң, 55 жаста таққа отырған.
Акихито 2016 жылдың тамыз айында халқына жолдау жасап, онда тақтан уақытынан ерте кететіндігін айтқан болатын. Ал, 2017 жылдың 9 маусымында Жапон парламентінің жоғарғы палатасы император Акихитоны ерте босатып, орнына ұлы, мұрагер ханзада Нарухитоны тағайындау туралы арнайы заң жобасын мақұлдады. 2018 жылдың 6 наурызында жапон үкіметі 2019 жылы 30 сәуірде император Акихитодан бас тарту рәсімін ашатын арнайы қаулы қабылдады.
1 мамырдан бастап Жапония тарихындағы 126-император Нарухито таққа отырады.
Сонымен қатар, жаңа императордың таққа отыру құрметіне елде «Алтын апта» жарияланып, жапон халқы 27 сәуірден 6 мамырға дейін 10 күн демалады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024