Жапония. 10 мамыр. 7kun.kz – Жапония Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді және 70 ресейлік компанияны санкция тізіміне енгізді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Санкциялар Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Рашид Нургалиевке, «Сургутнефтегаз» бас директоры Владимир Богдановқа, кәсіпкер Геннадий Тимченконың әйелі — Еленаға, КХДР және ЛПР басшыларына да қарсы енгізілді. Олардың активтеріне де тыйым салынды. Сондай-ақ, 70 компания қатарында әйгілі «Интелтех», «Алмаз-Антей» бар.
Ал Германия "Ресей газ жеткізуді тоқтатқан жағдайдағы іс-қимыл жоспарын" әзірлеуде. Оған үй шаруашылықтары үшін газ тұтынуды мөлшерін реттеу, сондай-ақ, кәсіпорындарды экономикалық қолдау сияқты қадамдар кіруі мүмкін.
Reuters дерегінше, АҚШ «Касперский зертханасын» тергеп жатыр. АҚШ үкіметі Ресей антивирусты ақпаратты ұрлау үшін немесе АҚШ мемлекеттік органдарының жұмысына кедергі келтіру үшін пайдалануы мүмкін деп болжайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024