Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Tokyo Telemessage телекоммуникациялық компаниясы 2019 жылдың қыркүйегінде жеке тұлғалардың пейджерлеріне қызмет көрсетуді тоқтататынын жариялады. Компания осы қызмет түрін ұсынатын елдегі соңғы оператор болатын.
Клиенттік базаның құлдырауы осындай шешім шығаруға түрткі болған. 1996 жылы Tokyo Telemessage пейджерлерін 1,2 миллион адам пайдалған. Ал, елдегі келісімшарттардың жалпы саны 10 миллионды құрады. Ұялы телефондардың сұранысқа ие болуына байланысты пейджерлер саны төмендеді. 2018 жылдың желтоқсанына қарай компанияда тек 1,5 мың абонент қалған. Соңғы 20 жылды жаңа пейджерлер шықпаған.
Пейджерлер өндірісі 1950-1960 жылдары басталып, 1980 жылдары танымал болды. Құрылғы әріптер мен сандар тіркестерін береді. Көптеген адамдар "кешігемен" немесе "қайырлы түн" секілді әртүрлі сандық хабар жазу кодтарын пайдаланды. ВВС атап өткендей, кейбір елдерде шұғыл қызметтердің қызметкерлері пейджерлерді әлі күнге дейін пайдаланады.
Tokyo Telemessage клиенттерге түсіністік білдіргені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, жергілікті билікке табиғи апаттардың алдын алу үшін байланыс желілерін ұсынатынын мәлімдеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024