Жапонияның почта қызметі өздігінен жүретін автокөліктерді сынақтан өткізе бастады
Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – Жапонияның почта қызметі Токионың орталығындағы көшелерде өздігінен жүретін автокөліктерді сынақтан өткізе бастады. Бұл туралы ANN Nеws хабарлады.
Почтаның баспасөз қызметі хабарлағандай, көліктерді сынақтан өткізу бүгін, яғни 12 наурызда басталған. Ал Toyoto Estime микроавтобусы 16 наурызға дейін Токиодағы екі километрде маршрут бағытымен өздігінен қозғалыс жасайды. Бұл бағдар Токиодағы орталық теміржол вокзалының почтасынан басталып, Гинза кварталына дейін созылады.
Ағымдағы жоба барысында шынайы хат-хабарлар, сәлемдемелер тасылмалданбайды. Оның орнын жүк имитациясы ауыстырады. Әзірше бұл тестілеуден өткізілетін көлікте жүргізуші болады. Ол қандайда бір жағдай туындаған кезде басқаруды өз қолына алады. Тестілеу өткізу кезінде көлік үлкен қалалардағы қозғалыста қауіпсіз жүретіндігін растай алуы керек.
Жапония почтасы бұл жобаны елдегі жұмыс күшінің жеткіліксіздігіне байланысты енгізуді шешкен. Басшылық өздігінен жүретін көліктер 2020 жылға қарай қызметке енеді деп күтеді.
https://m.youtube.com/watch?v=wGkgPCZl98E&time_continue=3Қания Табыс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024