Жетісу облысы. 11 қараша. 7kun.kz – Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция хабарлауынша, Панфилов аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ер адам үйін өртеп жіберген белгісіз біреуге шара қолдану туралы өтінішпен жүгінген. Ол шығын көлемін 25 миллион теңгеге бағалаған.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында қасақана өрт қойды деген күдікпен 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
«Күдікті осы үйде тұратын қызды танитын болып шықты. Ол оның телефон қоңырауларына жауап бермеген, бұл оның ашуын және қызғанышын тудырған. Артынша ол үйге жасырын кіріп, оны ішінен өртеп жібереді. Өрт оқшауланып, көрші үйлер мен тұрғын үйлерге таралу қаупі жойылған», – деп хабарлады полицияда.
Аталған дерек бойынша тіисіті сараптама тағайындалып, ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғанға қатысты «келуге міндетті» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы белгіленді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024