Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жас кәсіпкерлер жүлде қоры 25 миллион теңгелік реалити-шоуда бақ сынасады

Жас кәсіпкерлер жүлде қоры 25 миллион теңгелік реалити-шоуда бақ сынасады

Елімізде жас кәсіпкерлерге арналған стартап-жобалар байқауы басталады. Оның жүлде қоры - 25 миллион теңге. Бұл жөнінде "Болашақ" қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бішімбаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

"Жұмыс 3-4 ай аралығында жүретін болады. Бірінші кезеңде біз 20 жұмысты іріктеп аламыз. Екінші кезеңінде қосымша байқаулар, тренингтер жүргізіп тағы 10 жобаны таңдаймыз. Ал, соңғы үшінші кезеңде ең негізгі 3 жұмысты аламыз. Бұның барлығы телевизиялық форматта жасалады. Осы жобаға қолдау көрсететін арнайы компаниямен келісім жүргізіп жатырмыз. Жоспар бойынша, желтоқсан айында реалити-шоу форматында жарыққа шығарамыз деп үміттенеміз. Жас кәсіпкерлердің қалай дайындалғандары, қалай бастағандары бәрі түсіріледі. Оны орталық телеарналардың бірінен көрсетеміз деп ойлаймын", - дейді Бішімбаев. Оның айтуынша, байқауға 18-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер қатыса алады. Бірінші орынға - 7 млн, екінші орынға - 5 млн және үшінші орынға - 3 млн теңге тігіліп отыр. Одан бөлек, BI Group холдингінің атынан жүлде қоры 10 млн теңгелік тағы бір грант бар. Ең қызықты деген идея авторлары "Даму" қорының құралдары мен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің инновациялық гранттарын қолдана отырып төмен пайызбен несие ала алады. Оларға "Бәйтерек" қоры қолдау білдіреді. "Барлығының әділ өтетіндігіне кепіл ретінде реалити-шоу түрінде бергелі отырмыз. Өзге де жастар бұл байқаудың растығына көз жеткізсе дейміз. Қарап, өздеріне ой түйіп, келесі байқауға қатысуға ниет білдірулері мүмкін", - дейді кеңес төрағасы. Спикерлер жобаның өзге де қатысушылары өздеріне инвестор тауып алулары мүмкін деп отыр. Байқауды еліміздің үздік бизнесмендері бақылап отыратын болады.

Похожие материалы