Алматыда IX «Өз ісіңді баста» байқауы мәреге жетіп, жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Биыл байқауға 1054 өтінім қабылданған. Оның ішінде 21 жоба қысқа тізімге өткен. Оның 9-ы бизнес-жоспарларды зерделеу мен қазылар алқасы алдында жобаларды қорғау нәтижелері бойынша
жеңімпаз атанып, 330 000 долларға ие болды.
1. Ғалия Оразгелдиева. Дәретхана қағазы жобасы — 10 000$
2. Бекзат Арғымбек пен Жандос Құрмансалық. Jaryq Academy жобасы — 20 000$
3. Лаура Вайгорова, Ақжол Замбаев, Мейрам Жардаев. Smartestprep жобасы — 20 000$
4. Жантөре Асылхан. Qaz Textile Жобасы — 30 000$
5. Дамир Темірғалиев. «Полиэтилен қалдықтарын Мастербатч бояғышына қайта өңдеу» — 50 000$
6. Жандос Серікбаев. Ansar foods жобасы (макарон өнімдерін өндіріп, сату — кеспе мен жайма) — 50 000$
7. Юсуп Тумгоев. myMind (деменция тесті) — 50 000$
8. Баянсұлу Оразалиева. «Altyn bala» жаялықтары — 50 000$
9. Жанат Қапесов. «Мұнай-газ ұңғымаларының корпустық колонналарының орталықтандырғыштарын өндіру» — 50 000$
Марапаттау рәсімінде жобаны қолдаушылар Вячеслав Ким мен Кеңес Рақышев сөз сөйлеп, жаңа инвестициялық қор құру туралы ойларын айтты.
"Байқаудың он жылдан кейін ауқымы ұлғаюы керек. Дәл қазір жас кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстанда жаңа инвестқор құрудың уақыты келді деп ойлаймыз. Ол АХҚО базасында тіркелуі мүмкін, ал "Өз ісіңді баста" конкурсының жеңімпаздары басымдылықпен қатысу құқығына ие болады", деді бизнесмендер.
Айта кетейік, аталған конкурс Әсел Тасмағамбетова басқаратын "Сәби" қорының ұйымдастыруымен және бизнесмендер Вячеслав Ким мен Кеңес Қақышевтің қолдауымен 10 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы IX мерейтойлық байқау осы форматта өткізілген соңғы байқау болды.
Өткен 9 жылда кәсіпкерлерге берілген гранттардың жалпы сомасы 2 240 000 АҚШ долларына жеткен. Грант алушылардың 85% бүгінде табысты кәсіпкерлер.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024