Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жастардың ұсыныстары талқыланды

Жастардың ұсыныстары талқыланды

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Шотанов Мұратжан Шүкірханұлы табиғат аясында жастармен еркін форматта кездесті.

Кездесудің мақсаты қаладағы жастардың түрлі бағыттағы мәселелері мен ұсыныс пікірлерін тыңдау.

Кездесуде орта арнаулы оқу орнындағы бітіруші мамандық иелеріне мемлекеттік бағдарламалар, жеке кәсіпкерлік, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын-үй және білім саласында әңгімелер өрбіді.

Сонымен қатар, спорт саласында жетістікке жеткен жастарға қолдау көрсетуге, пікір-сайыс орталықтарын жандандыру жүйесін қолға алу, арнайы жастарға арналған газет-журналдар мен әлеуметтік желілердігі ақпараттандыру жүйесін дамыту сынды тың жобалар мен ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында "Кез-келген уақытта жастармен бірге жұмыс атқаруға дайынбыз." - деді басқарма басшысы Мұратжан Шүкірханұлы.

Похожие материалы